Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ІІМ-нің дістүрлі брифингінде айтты.
Азаматтардың ақшалай қаражаттары мен мүлкін заңсыз тарту мақсатында құрылған қаржы пирамидалары, соңғы жылдары кең таралған қылмыстық құбылыстардың бірі. Олардың теріс фонының күшеюіне жәбірленушілердің санының күрт өсуі әсер етті, ал компаниялардың қылмыс әрекеттерімен келтірілген жалпы залалдың мөлшері миллиардтарды құрады, - деді Әділов.
Ол атап өткендей, бүгінде ел бойынша 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбанына айналып, 54 миллиард теңгеден астам шығынға ұшыраған.
Қаржы пирамидалары оңай және тез табыс табудың «ертегілеріне» сенетін адамдарды тарту үшін әртүрлі әдістерді пайдаланады. Алаяқтардың белсенді болуы экономикалық белсенділіктің артуына, сондай-ақ халықтың инвестицияға қызығушылық таныта бастағанына байланысты болып отыр. Сұраныс ұсынысты тудырады, - деді Санжар Әділов.