Азаматтар қызметті онлайн алғанды ұнатады – Сәрсенов

25 Қазан 2021, 12:47
15310
Бөлісу:
Азаматтар қызметті онлайн алғанды ұнатады – Сәрсенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ең алдымен, біз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың полициямен тікелей байланысын алып тастадық. Енді олар мемлекеттік органдардың жұмыс режиміне тәуелді болмай, қызметтерге тапсырыстарын кез келген ыңғайлы уақытта ала алады. Біз 40 қызметіміздің 38 автоматтандырдық. Бұл Ішкі істер министрлігінің қызметтерін алуан түрлі жолмен алуға мүмкіндік берді. Мысалы, азаматтарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «электрондық үкіметтің» порталы арқылы немесе M-GOV мобильді қосымшасы арқылы тіркеуге болады, - деді ол.

Сәрсенов азаматтардың басым бөлігі онлайн қызмет алатынын айтты.

Менің байқағаным, азаматтарымыз қызметтерді онлайн түрде алуды ұнатады. Мысалы, осы жылдың ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 500 мыңнан астам адам тіркелсе, портал арқылы 800 мыңнан астам адам тіркелген.Ақпараттық жүйелерді біріктірудің арқасында мемлекеттік органдар көптеген құжаттарды базадан ала алады, - деді Сәрсенов.

Естеріңізде болса, 2019 жылға дейін жылда 10-нан 15 миллионға дейін мекен-жай анықтамалары берілетін. Енді электронды үкімет порталынан мәліметтерді азаматтарымыз өздері тексере алады, ал мемлекеттік органдар оларды жеке тұлғалардың бірыңғай деректер базасынан алады.

Төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру кезінде, қазірдің өзінде туу туралу, неке туралы куәліктерді алғанда, қондырғы деректерін өзгерту кезінде, қажетті ақпарат базалардан келеді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы