Үш азамат талон алып, өзге қалада дауыс беретін болды

9 Маусым 2019, 18:57
2325
Бөлісу:
Үш азамат талон алып, өзге қалада дауыс беретін болды
PHOTO
Фото: автордан

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан қалалық жоғары медициналық колледжінің ғимаратында орналасқан №105 сайлау учаскесіне 2838 сайлаушы тіркелген. Қазірге дейін аталған сайлау учаскесінде 300-ден астам дауыс беруші өз таңдауын жасады.

Үш азамат талон алып, өзге қалада дауыс беретін болды

«Бүгінгідей маңызды күнде сайлаушылар келіп таңдауын жасап жатыр. Қазірге дейін 300-дей адам келіп дауыс берді. Бақылаушылар саны сізбен қосқанда 11 адам болып тіркеліп жатырсыздар. Атап айтқанда, «Ұлт тағдыры» қозғалысы, «Нұр Отан» партиясы, «Аманат» азаматтық платформасы, Демократия институттарын дамыту, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы, «Ауыл» партиясы, «Айғақ» телеарнасы, Қазақстан коммунистік халық партиясынан бақылаушылар келді. Біздің сайлау учаскесінен 3 адам бекітілген талон алып кетті. Себебі, біреуі вахталық жұмыспен Сарыағашқа кетсе, қалған екі азамат Алматы қаласына емделуге кеткен екен. Олар сол жақта дауыс беретін болды. Бұдан бөлек, 1 адамнан үйден дауыс беруге арыз келіп түсті», - деді №105 сайлау учаскесінің төрағасы Қоныс Үркімбаев.

Үш азамат талон алып, өзге қалада дауыс беретін болды

Учаске төрағасы Қоныс Жұманұлының айтуынша, бұл деректердің бәрі сайлау учаскесіндегі арнайы журналда тіркелген. Сайлаушылардың бәрі белсенді, көтеріңкі көңіл-күйде келіп өз таңдауларын жасауда. Сайлаудың нәтижесі кешкі сағат 20.00-де белгілі болмақ.  

Еске сала кетейік, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында 49 сайлау учаскесі, 107 186 сайлаушы бар.
Өзгелердің жаңалығы