Азамат Сатыбалды: "Қазақфильм" ұсынған 9 кинотуындының бесеуіне бір тиын жұмсалмады

16 Ақпан 2024, 17:10
2019
Бөлісу:
Азамат Сатыбалды: "Қазақфильм" ұсынған 9 кинотуындының бесеуіне бір тиын жұмсалмады
PHOTO
Фото: автордан

Салтанатты рәсім аты аңызға айналған актер әрі режиссер, қазақстандық кинематографтың негізін қалаушылардың бірі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясында аты аңызға айналған актер және режиссер, қазақстандық кинематографтың негізін қалаушылардың бірі - Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай жаңа маусымның салтанатты ашылуы өтті.

Азамат Сатыбалды: "Қазақфильм" ұсынған 9 кинотуындының бесеуіне бір тиын жұмсалмады

Биыл Шәкен ағамыздың 110 жылдығы. Осы мерекеге орай "Қазақфильмнің" маусымашарын жасап отырмыз. Бұл биыл бірінші рет өтіп тұр. Бірақ келесі жылдан бастап жыл сайын өткізіп отырсақ деген мақсатымыз бар. Мақсат - жай ғана күнді атап өту емес, көрерменге киножобаларымызды түсіру, болашақ жоспарларымызбен бөлісу. Өткен жылды қорытындылай алмаймыз, өйткені ол кезде мен президент болған жоқпын. Бірақ келесі жылы осы күні қанша кино түсірдік, қанша қаражат таптық - осы жайлы есеп беретін боламыз, - деді киностудия директоры Азамат Сатыбалды.

Жаңа маусымның ашылуында Қазақстанның бас ұлттық киностудиясы 2024 жылы шығаратын 9 киножобаны таныстырды.

Азамат Сатыбалды: "Қазақфильм" ұсынған 9 кинотуындының бесеуіне бір тиын жұмсалмады

Бүгін "Қазақфильм" 9 кинотуындыны таныстырады. Оның бесеуі бір тиынсыз түсірілді. Біз "Қазақфильм" осындай дүниелерді түсіре алатынын көрсеткіміз келеді. Биыл 9 кино болса, келесі жылы 15-ке жеткізуге тырысамыз. Одан кейін 20 болады. Бірақ басты мақсат сан емес, сапа, - деді Азамат Сатыбалды.

Ал танымал кино және театр актері Еркебұлан Дайыров киностудияның жаңа жоспарларына үмітпен қарайтынын айтады.

Азамат Сатыбалды: "Қазақфильм" ұсынған 9 кинотуындының бесеуіне бір тиын жұмсалмады

Шәкен Айманов қазақтың кино түсіре алатын талантты халық екенін көрсеткен бірден бір тұлға. Ол кісі туралы таңды-таңға соғып әңгіме айтуға болады. Ол кісі туралы корифейлеріміздің аузынан талай жақсы нәрселер естідік. Осындай азаматтарымыз көп болса деген тілегіміз бар. Енді "Қазақфильмнің" биылғы беталысы, жоспары көңілге үлкен үміт сыйлайды, - деді актер Еркебұлан Дайыров.

Азамат Сатыбалды: "Қазақфильм" ұсынған 9 кинотуындының бесеуіне бір тиын жұмсалмады
Өзгелердің жаңалығы