Азамат Сатыбалды Голливудтың деңгейіне қашан жететінімізді айтты

20 Қараша 2022, 21:45
823
Бөлісу:
Азамат Сатыбалды Голливудтың деңгейіне қашан жететінімізді айтты

Қазақ фильмінің келешегі мен бүгіні туралы белгілі актер Азамат Сатыбалды пікірін білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақ фильмінін түсіруде инновациялық технологияны қалай пайдаланып жүрміз?  Мәселен, голливудтық туындыларда бұл технологияларды тиімді қолданады. Оның арқасында фильм көпке ұнап, жақсы рейтинг жинап жатады. Бізде бұл технологияны қолдану үшін не кедергі?, – деді сұрақ қойды журналис.

«Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды қазақстандық туындыларды голливудпен салыстырмау керек екенін айтты.

«Аттыға ілесем деп жаяудың бұты айырылыпты» дейді. Голливудттың бюджетімен біздің қаржыны салыстыруға болмайды. Көптеген мемлекет Голливудқа еліктейміз деп өздерінің стилін жоғалтып алды. Мәселен, Иран деген ел бар. Олар ешкімге еліктемейді. Алайда, бүкіл кинофестивальдерде гран-приді алады. Неге? өйткені олар ешкімге еліктемейді. Дәл сол Қазақстанда өзінің 20 млн халқына орай, көрпемізге көсіле отыра, сапалы дүние шығаруымыз керек. Шетелмен жарысудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мысалы, «Дос-Мұқасан» фильмінде ешқандай спецэффект жоқ. Онда не бар? Өмір мен атмосфера бар. Ал жаңа технология қазақтың саны қашан 50 млн болған кезде болады, – деді  ол «Біздің ел – біздің таңдау» онлайн марафон барысында.

Келесі бір спикер кинотанушы маманның айтуынша, фильмде тіл мен ділге басымдық берілуі тиіс.

Экран бетіндегі туындының адам санасына тигізетін әсері мол. Біз егер қандай да фильм, сериал түсірсек, оның ішіне тіл мен ділді өте жақсы білетін, әдебитімізді терең меңгерген жастар көптеп келу керек. Сонымен бірге заманауи үрдіспен ілесе алатын жастар болып жатса тіпті тамаша. Біз өзіміздің бетімізді жоғалтып алмауымыз керек, – деді Назира Мұқышева.

Өзгелердің жаңалығы