Азамат Сарғазин: Сайлау учаскесі - қоғамдық орын

10 Қаңтар 2021, 22:09
2562
Бөлісу:
Азамат Сарғазин: Сайлау учаскесі - қоғамдық орын
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де сайлау күні заңдылықтың сақталуы тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин айтты.

Сайлау учаскелерінен азаматтар бейнеленген фотосуреттер мен бейнелерді жариялау мәселесі бойынша

Сайлау учаскесі қоғамдық орын болып табылады. Азаматтық сайлау учаскесінде болуы құпия емес. Бірақ олардың суреттік бейнесін пайдалану үшін осы адамдардың келісімі қажет. Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ. Басқа адам бейнеленген бейнелеу туындыларын адамның келісімімен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол беріледі. Егер заң құжаттарында белгіленсе не бейнеленген адам ақы алып, кескінделген болса, ондай келісім талап етілмейді, - дейді Азамат Сарғазин.

Демек азамат өзінің бейнесін көрсету арқылы оның құқықтары бұзылған деп санаса, онда ол өз құқығын азаматтық тәртіпте қорғауға құқылы.

Онлайн брифингте әлеуметтік желілердегі сайлаушылардың дауыс беруде өз таңдауларын көрсетуіне қатысты айтылды.

Конституциялық заңға сәйкес сайлау алдындағы үгіт сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет. Егер азамат өзі дауыс берген партияны көрсетсе, бірақ ол үшін дауыс беруге шақырмаған болса, онда оның мұндай әрекеттері сайлау алдындағы үгіт ұғымына жатпайды, - деп түсіндірді ол.
Өзгелердің жаңалығы