Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Азаматтық авиация академиясының лицензиясы тоқтатылды

26 Тамыз 2019, 22:02
2111
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Азаматтық авиация академиясында (Алматы қ.) жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.

«Тексеру нәтижесінде жоғары оқу орнының білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде заң бұзушылықтар анықталды» - деді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Тексеріс қорытындысы көрсеткендей, оқытушылардың сандық құрамына, ғалымдардың үлесіне, ғылыми жетекшілерге қойылатын лицензиялау талаптары сақталмай, студенттердің кәсіби тәжірибе келісімшарттары жасалмаған және т.б.

«Осы ретте, Академияға қатысты 2 әкімшілік іс қозғалған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес аталған әкімшілік істердің санкциялары білім беру қызметімен айналысу лицензиясының қолданылуын 2 айға тоқтата отырып, 175 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды қарастырады» - делінген БҒМ таратқан ақпаратта.

Қаулылар 2019 жылдың 28 тамызында заңды күшіне енеді.
Өзгелердің жаңалығы