Қыркүйек-желтоқсан аралығында 17 мыңнан астам азамат әскерге шақырылмақ

10 Қыркүйек 2020, 15:01
1585
Бөлісу:
Қыркүйек-желтоқсан аралығында 17 мыңнан астам азамат әскерге шақырылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында күзгі әскери шақыру науқаны туралы өткен онлайн брифинг барысында ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов айтты.

Осы жылы қыркүйекте ҚР Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №266 Жарлығына сәйкес азаматтарды күзгі әскерге шақыру басталды. Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта Қарулы күштер басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 17 мыңнан астам 18-ден 27- жасқа дейінгі ер-азаматтарды әскерге шақыру жоспарланып отыр, - деді ол. 

Сәкен Жүсіповтің айтуынша, әскерге шақыру және белгіленген мерзімді өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару кезінде қолданыстағы заң басшылыққа алынады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес, азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Бұдан бұрын да айтылып жүргендей, ҚР Қарулы күштерінде коронавирус инфекциясының  алдын алу және оның таралуына жол бермеу шаралары жүзеге асырылады. ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша, әскерге шақыру және жиын пункттерінде қарулы күштердің әскери бөлімдерінде санитариялық, эпидемиологиялық шаралар күшейтілді. Соның нәтижесінде коронавирустың әскери ортада жаппай таралуына жол берілген жоқ, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы