Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы біздің ортақ үйіміз: қазақ, орыс, украин, башқұр, татар –бəріміз бірлікте өмір сүріп, этносаралық тұтастықты сақтауға тырысамыз.
Бұл Наурыз мерекесін тойлау регламентін таныстыруда Нұр-Сұлтан қаласының украин "Оберг" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Юлия Лагуткинаның сөзі.
Қазақ жері – əр этностың алтын бесігі. Қаймағы бұзылмаған табиғатымыз, көркем тіліміз, бай тарихымыз жəне ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан салт-дəстүрлеріміз, табиғатымыз – осының бəрі қазақ жерін мекендейтін 130-дан астам ұлт өкілдерін біріктіріп, Отанға ыстық махаббатымызды тудырады. Қазақ салт-дəстүрлерін ерекше сипаттайтын мемлекеттік мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы, - дейді ол.Оның сөзінше, мейрам барысында бүкіл қазақстандықтар жұмыс істемейді, үш күн ішінде туыстарға барып, Наурыз көже тағамын пісіріп, өз үйіне қонақтарды шақырады.
Нурыз мейрамы тек қазақ халқының мерекесі ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарының ұлы мерекесі. Мереке қарсаңында 22 наурыздың түні қазақтар қиыл-ғажайып аңыздардағы бейне – Қызыр атаны күтеді. Наурыз қарсаңы Қызыр түні немесе "бата түні" деп аталады. Қазақтар бұл түні Қызыр атаны күтіп, ұйықтамауға тырысатын. Ал тұрмысқа шықпаған қыздар өздері ұнататын жігіттерге арнап, соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, "ұйқыашар" деп аталатын ерекше тағам əзірлейді. Жігіттер мен бозбалалар болса, қыздардың қонақасының қарымтасына айна, тарақ, иіс судан тұратын "селт еткізер", "дір еткізер" сыйлықтарын ұсынады. Жəне бойжеткендер терезені сəл ашып, үстелге ұн салынған ыдыс қойған. Егер үй таза жəне үй иелерінің жүрегі мейірімге толы болса, Қызыр Ата бақ қонған үйге батасын береді деп есептеледі. Конфессияаралық татулықты сақтайтын Наурыз мейрамы – əр қазақстандықтың сүйікті мерекесі, оны жақсы көңіл-күйде өткізіп, əрқайсымыз бір-бірімізге төзімділікпен қараймыз, ұлтқа, тілге, терістің түсіне қарамай, бір-бірін құттықтаймыз, қонақ етеміз, - дейді ол.