Қазақ тілін дамыту үшін тілге мұқтаждық туғызуымыз керек - қоғам белсендісі

9 Қазан 2019, 11:10
2216
Бөлісу:
Қазақ тілін дамыту үшін тілге мұқтаждық туғызуымыз керек - қоғам белсендісі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Ұлттық мүддені қорғау мемлекеттік тілден басталады»  атты дөңгелек үстел  өтіп жатыр. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты-Мемлекеттік тіл — Қазақ тілінің мәртебесі мен қолданылу аясын арттыру мақсатында, ҚР Тіл туралы Заң тармақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және бұл мақсаттағы атқарылар іс-шараларды Алматы қаласынан бастау.

Аталған жиынды Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен, Республикалық «Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық ұйымы және халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті бірлесе ұйымдастырып жатыр.  

Республикалық «Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Жеңісбек Сабырайым отыз жыл өтсе де қазақ тілі өз деңгейінде қолданылмай келе жатқанына алаңдушылық білдірді. 

“Отыз жыл өтсе де біз қазақ тілін дамыта алмай отырмыз. Желтоқсан көтерілісінде осы қазақ тілі, ділі үшін көтеріліп, құрбан болғандардың алдында қазір өзімді ұятты санаймын. Өйткені тіліміз өте нашар халде, оны дамыта алмай жатырмыз. Бізде діл жоқ, адам бойындағы тіл, діл және дін бір гармонияда болған кезде ғана алға даму болады. Олар бір жүйеде ұйысып тұрмаса ол ұлт болмайды, жай мемлекет қана. Оған еліміздегі өзге ұлттадың қазақ тілінде сөйлемеуі куә”,-дейді ол. 

Сонымен қатар, ол қазақ тілін дамыту үшін бұл тілге деген мұқтаждықты тудыру керектігін айтты. 

“Осыдан бес жыл бұрын Алматыда Бауыржан Байбек әкім болып тұрғанда қоғамдық көлікте жүру үшін "Оңай” карточкасын енгізді. Халық бұл құралды үйреніп алды, тілді үйрететін осындай әдіс енгізу керек.  Сол сияқты мемлекет қазір латын қарпін қабылдап жатыр, міне бұны үйрену арқылы халық қазақ тілін де меңгереді. Тілді үйрету үшін оған мұқтаждық туғызу керек, әйтпесе оны ешкім өздігінен үйрнбейді”,- деді ол.
Өзгелердің жаңалығы