Қазақстанның үздік оқушылары марапатталды

28 Қараша 2019, 17:00
3972
Бөлісу:
Қазақстанның үздік оқушылары  марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қорының "Ел үміті" жобасының белсенді қатысушылары - республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

"Ел үміті" - Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған қордың жаңа жобасы. 

Жоба еліміздің дарынды балалары мен жастарын іздеп-тауып, оларды қолдап, ғылыми және шығармашылық белсенділігін ынталандыруға бағытталған.  

"Ел мақтанышы" сыйлығы аталған кешенді жобаны жүзеге асырудағы ауқымды жұмыстың бірі болып табылады. Еліміздің әр өңірінен математика, физика, информатика, биология, лингвистика, химия пәндері бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген жас дарындар және олардың тәлімгерлері мен ұстаздары бүгін аталған сыйлықтың лауреаты атанды.

Халықаралық дәрежедегі олимпиадалардан алтын, күміс және қола медаль алған оқушыларға Елбасы қорының атынан дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Кеше Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алтын медаль иегері - Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (Алматы), халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Батыр Сардарбеков пен оның тәлімгері - Қазақстандық ұлттық информатика командасының жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов 2 миллион теңге көлеміндегі сертификат алды.

photo_2019-11-28_10-49-41.jpg

Күміс сыйлыққа әрқайсысы 1 миллион теңгеден, қола медаль үшін 500 мың теңгеден сертификаттар берілді.

photo_2019-11-28_10-49-30.jpg

Бұл медальдардың иегерлеріне сертификаттарды Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры
Әсет Исекешев табыстады. 


photo_2019-11-28_10-49-39.jpg

Қазір терең білім алып, халықаралық жарыстарға қатысуға тамаша мүмкіндіктер өте көп. Мұндай мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Осы ретте Елбасы қоры "Ел Үміті" бастамасы аясында жас таланттарды қолдайды, жастарды ынталандырады және жаңа биіктерді бағындыруға көмектеседі, - деді.
  photo_2019-11-28_10-49-36.jpg


Әсет Өрентайұлы жас таланттарды мұнымен тоқтап қалмауға, білімге ұмтылып, жаңа жетістіктерге жетуге шақырды. Ол студенттердің бүгінгі жетістігі - Қазақстанның табысты болашағының кепілі екенін атап өтті.

photo_2019-11-28_10-49-25.jpg

Өзгелердің жаңалығы