Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5685,9 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 9,3% аз.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан жыл басынан бері ЕАЭО елдеріне 1606,6 млн АҚШ долларға экспорт жасаған (16,5% кеміді), ал импорт – 4079,3 млн АҚШ долларын құраған (6,1% кеміді).
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,6%, Қырғыз Республикасына – 3,9%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.