Қазақстанның бес балуаны жол апатына ұшырады: үшеуі қайтыс болды

4 Тамыз 2020, 14:26
4702
Бөлісу:
Қазақстанның бес балуаны жол апатына ұшырады: үшеуі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Қордай ауданында 5 қазақстандық еркін күрес балуаны мінген автокөлік жол апатына ұшырады. Оқиға кеше, яғни 3 тамызда болған.

Оқиға орнында - Жақсыбек Карабалаев, Жанбота Байбазар бірден жан тапсырды. Ал бүгін Iлияс Жұмай өмірден озды. Қайғылы хабар ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланды. 
Қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған... Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жандарыңыз жаннатта болсын!!!, - деді ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы. 
ышыне.jpeg

Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес жігіт) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, қайтыс болған үшеуі де еркін күрестен 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионы. Iлияс Жұмай халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Азия чемпионы, "3 дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесі үшін" беделді халықаралық турнирінің жеңімпазы.



Өзгелердің жаңалығы