Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қараша күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.</h4>

27 Қараша 2019 2019, 08:33
АВТОР
 27 Қараша 2019 2019, 08:33
27 Қараша 2019 2019, 08:33
2323

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қараша күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Шымкент қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Наверх