Қазақстандық журналистер Ұлы Отан соғысымен байланысты орындарды аралайды

12 Маусым 2019, 10:11
2697
Бөлісу:
Қазақстандық журналистер Ұлы Отан соғысымен байланысты орындарды аралайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 18-22 маусымы аралығында Ұлы Отан соғысының басталғанына 78 жыл толуына жəне Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы – халықтар ерлігі» атты қазақстандық журналистер мен блогерлердің Беларусь Республикасына (Минск жəне Брест қалалары) баспасөз туры өтеді.

Жоба аясында бұрынғы КСРО халықтарының барлығына ортақ Беларусь еліндегі тарихи орындарды аралап,  Қазақстан, Ресей, Беларусь жастарына аталарымыз бен əкелеріміздің ерлігі туралы сөз қозғау көзделген. 

Баспасөз-турына қатысушылар Брест қамалын (Брест қаласы) аралайды, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының құрбандарын еске алуға арналған реквим-митингке қатысып, Ұлы Отан соғысының тарихи музейі (Минск қаласы) мен «Хатынь» мемориалды кешенін қосқанда, біздің халықтардың ортақ естелігіндегі маңызды орындарды аралап, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездеседі жəне сапардың жан-жақты, қызықты бағдарламасына куə болады.

2019 жылдың 19 маусымында «Sputnik Беларусь» ақпараттық агенттігінің алаңында «Бұрынғы совет одағының халықтары: Ұлы Жеңісте жəне Ұлы соғыста бірге» тақырыбында Алматы жəне Мəскеу студияларынан тікелей трансляция арқылы үшжақты дөңгелек үстел өтеді.

Баспасөз турын посткеңестің кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі Ақпараттық-сараптамалық орталық пен Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшігінің қолдауымен IQ-клуб атты Қазақстан-Ресей сарапшылар клубы ұйымдастырып отыр.

Бұл баспасөз туры «Қазақстан орысша» атты халықаралық жоба аясындағы іс-шаралардың бірі. Жобаның мақсаты – қазақ жастарын Қазақстан тарихы үшін маңызды орындармен, соның ішінде, қазақ тілі мен мəдениетін зерттеу орталығымен таныстыру, бүкіл еуразиялық кеңістікте тұратын қазақ диаспораларының өкілдерімен кездестіру.

Өзгелердің жаңалығы