Қазақстанды цифрландыру нәтижесінде 2 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды

4 Қаңтар 2019, 12:15
2364
Бөлісу:
Қазақстанды цифрландыру нәтижесінде 2 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды

Астана, BAQ.KZ. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асыру нәтижесінде 2 мыңнан астам адам жұмыстан қысқартылған. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады. 

Ведомствода атап өткендей, жоағыра аталған 2 мыңнан астам адамның 443 қайта оқытудан өтсе, 404 жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ, 2022 жылға қарай елдегі жаңа технологиялар есебінен шамамен 300 мыңға жуық жұмыс орны пайда болады. 
«Сондай-ақ, 2021 жылға қарай 120 жобаның 89 бойынша мемлекеттік органдармен 142 мың тұрақты және 489 уақытша жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, электронды сауданы дамыту есебінен 139,8 мың жұмыс орны, интеллектуалдық және көлік жүйесін құру және енгізу нәтижесінде 1,7 мың жұмыс орны пайда болады», - деді министрлікте. 
Алайда, болжамды көрсеткіштер орындалғанға дейін кәсіпорындар өз жұмысшыларын қысқартуды жалғастырып жатыр. ЕХӘҚМ жүргізген мониторинг мәліметі бойынша, 2018 жылы 377 кәсіпорыннан 4,1 мың адам қысқартуға іліккен. Салалық бөлікте қарағанда, компаниялар әкімшілік және көмекші қызметкерлерден бас тартқан. Сонымен қатар, қаржылық және сақтандыру қызметкерлері де жұмыстан босатылған.
Өзгелердің жаңалығы