Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде топ жарды

5 Қазан 2019, 04:43
1473
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда үстел теннисінен «Оңтүстік астана» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Жарысқа қатысқан 120 спортшының ішінен ерлер мен әйелдер арасында алты адамға ғана жүлде бұйырды. 

Турнирдің былтырғы жеңімпазы Зәурет Ақашева биыл да қарсылас шыдатқан жоқ.  Ол жартылай финалда талантты спортшы Сарвиноз Мирқадырованы ұтса, ақтық сында елордалық Анастасия Лавровадан басым түсті. 

Ерлер арасында ресейлік Илья Березин мен Илья Жидков алтын мен күмісті иеленсе, өскемендік Денис Жолдуев үшінші орынға тұрақтады. 

Өзгелердің жаңалығы