Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев ет кластерін құру бойынша Макинскте өткен форумда осылай деді, деп жазады inbusiness.kz.
"Макинск құс фабрикасы импортқа тәуелділікті қысқартып, қаржының шетелге кетпей, ел ішінде айналуына үлес қосып отыр. Сонымен қатар фабрика тұтынушыларға сапалы әрі денсаулыққа қауіпсіз өнім ұсынуда. Мысалы Ресейде құс етін өндіруге қатысты арнайы стандарт енгізілді. Нәтижесінде олар салқындатылған құс етін тұтыну көрсеткішін 80%-ға жеткізді. Бұл үшін мүмкіндігі бар қалаларына шағын құс фабрикаларын салды. Осылайша олар құс етін өндіру мен тұтыну мәдениетін қалыптастырды. Дәл осындай мәдениеттің қалыптасуына Макинск құс фабрикасы да үлес қоса алады. Себебі бұл фабрикаға еліміздің солтүстік аймақтарын ғана емес, бас қаламызды құс етімен қамтамасыз ету міндеті жүктеліп отыр",– деп мәлімдеді вице-министр.Оның сөзінше, ет өндірісі кластері отандық өндірушілердің әлеуетін арттырады. Ал тұтынушылар сапалы өнімге қол жеткізеді.