Қазақстандық әскерилер Мәскеуде өтетін шеруге дайындалуда

8 Маусым 2020, 14:02
1621
Бөлісу:
Қазақстандық әскерилер Мәскеуде өтетін шеруге дайындалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Құрлық әскерлернің әскери қызметшілері Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеруге қатысуға дайындалуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің сайты.  


Шараға қазақстандық әскери қызметшілер ресейлік тараптың шақыруымен қатысады. Қазіргі уақытта үш жаяу шеру есебі құрылды. Атап айтқанда, олардың екеуі десанттық–шабуылдаушы әскерлер бөлімшелерінің құрамынан, біреуі Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттары. 24 маусымда парадқа қандай есептер қатысатыны, 8 маусымда өтетін соңғы дайындықта анықталады.
Биыл Жеңіс күніне 75 жыл толды. Осы себепті Ресей Қорғаныс министрлігі біздің әскерлерді Қызыл алаңдағы парадқа қатысу үшін шақырды. Құрлық әскерлерінен үш есеп топ бөлінді. Есептер өте жақсы дайындалған. Олар барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Күніне үш-төрт рет температуралары өлшеніп, басқа да мәселелер шешіледі. Бізге Қызыл алаңдағы парадқа қатысып, елімізді көрсету өте маңызды. Дайындық өте жақсы жүріп жатыр, - дейді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов.

Әскери қызметшілер үшін Ұлы Жеңістің құрметіне арналған шеруге қатысу, бұл жалпы жеңіс үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан батырларға алғыс білдіру және құрмет көрсету мүмкіндігі. Дайындыққа қатысушылардың арасында, аталары Екінші дүниежүзілік соғыста майдан даласында жеңіс үшін шайқасқандар да, Мәскеудегі Жеңістің алғашқы шеруіне қатысқандар да аз емес.

дай1.jpg

Мен соғыс ардагері Балғымбаев Айдарбай Наурызбайұлының немересімін. Десанттық-шабуылдаушы әскерлері арасындағы салтанатқа қатысу үшін қатаң іріктеуден өтіп, Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған шеруге қатысатыныма қуаныштымын, – дейді 35-ші гвардиялық десант-шабуылшы бригадасының әскери қызметшісі Серікбек Балғымбаев.

Дайындық карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Дезинфекциялық-санитарлық режим күшейтілді: күніне кемінде екі рет жеке құрамды медициналық тексеру, сондай-ақ өңдеу, ылғалдандыру және желдету жүргізіледі. Парадқа қатысатын әскери қызметшілер қалған жеке құрамнан оқшауланған, оларға бөгде адамдар мен туысқандарының баруы шектелген.   

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы