Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды

25 Қазан 2019, 01:24
1735
Бөлісу:
Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Әбу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев алтын алды. Ол финалда франциялық Валиде Хярді вазари ұпайымен жеңді.

Ғұсман Қырғызбаев жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті. Ол бірінші Оңтүстік Корея спортшысы Ли Харимді, екінші кездесуінде Әзірбайжан өкілі Давид Мамадсоуды жеңді. Ширек финалда Фелип Пелимнен басым түссе, жартылай финалда Яго Абуладзеден айласын асырып, финалға жолдама алған болатын.  

Айта кетерлігі, дәл осы салмақ дәрежесінде Елдос Сметов жұбаныш финалында қарсыласына есе жіберіп, жарыстан жүлдесіз қалды.

 

Өзгелердің жаңалығы