Қазақстандық деректі фильм үш бірдей фестивальге қатысады

24 Мамыр 2020, 13:14
2066
Бөлісу:
Қазақстандық деректі фильм үш бірдей фестивальге қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Бану Рамазанованың "Кедергілерді жеңу" деректі фильмі үш бірдей беделді халықаралық фестивальге қатысады, деп хабарлады Қазақфильмнің баспасөз қызметі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапысырысымен "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген деректің фильмнің желісі 1952 жылы Жамбыл маңындағы Луговское жылқы зауытында туған Совет заманындағы жылқы спортының аңызы болған "Абсент" жылқысы туралы және тәуелсіз Қазақстандағы конкурдың жағдайын баяндайды.

"Кедергілерді жеңу" фильмі менің жүрегімде ерекше орын алады, менің дебюттік жұмысым болғандықтан ғана емес, бір жыл бойы жұмыс істеген фильмнің арқасында тамаша адамдармен – біздің кейіпкерлерімізбен танысқаным үшін де ыстық. Біз олардың: қалай ат таңдағанына, жылқылар ауырған кезде қалай уайымдағанына, төрт жылдан артық өткізілмеген Қазақстандағы Әлем Кубогының кезеңіне дайындығын және өздерінің жетістіктеріне қалай қуанғанына куә болдық,- дейді фильмнің режиссері Бану Рамазанова.

3-30 тамыз аралығында "Кедергілерді жеңу" картинасы Docs Without Borders Film Festival кинофестивалінің негізігі конкурсына қатысады. Америкадағы ең ірі деректі фильмдер кинофестивальдерінің бірі 23-30 тамыз аралығында өтеді.

Бүгінгі таңда бәріміз, фильмдегідей, коронавирустың таралуына байланысты кедергілерді жеңудеміз. COVID-19 барлық салаларда, атап айтқанда кино индустрияға да айтарлықтай кедергілер тудыруда. Фильмімізді ұсынған көптеген фестивальдер пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Бірақ, соған қарамастан, біз бұл кедергіден өтіп, фестивальдердің негізгі конкурсына іліндік. Бұл жолы біз бұрынғы өмірімізге жеңімпаз болып ораламыз, - деп қосты фильмнің авторы.



Өзгелердің жаңалығы