Қазақстандық боксшылар Токиодағы турнирді жеңіспен бастады

30 Қазан 2019, 23:27
2004
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар Токиодағы турнирді жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония астанасы Токиода бокстан халықаралық турнир басталды. 2020 жылғы Олимпиада ойындары өтетін спорттық нысанды сынақтан өткізу мақсатында ұйымдастырылған бәсекеге қазақстандық боксшылар да қатысып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

63 келіде жұдырықтасқан Санатәлі Төлтаев бірінші кездесуде австралиялық боксшыны техникалық нокаутпен ұтты. Сондай-ақ, 91 келіде сынға түскен Айбек Оралбай да үндістандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. 

Айбек келесі айналымда Бразилия боксшысына қарсы шығады.  

Ал қыздар арасында сынға түскен Римма Волосенко турнирдің ақтық сынында жұдырықтасады. 

Өзгелердің жаңалығы