Қазақстандық боксшы АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

30 Тамыз 2020, 20:08
2547
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов кәсіпқой рингте осымен алтыншы рет жеңіске жетті деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұсәділов рингке соңғы рет 2017 жылы шыққан еді. Сол жылы қарашада Мексикада бес жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Боксшы рингке үшжылдық үзілістен соң оралды. 

АҚШ-тыңбокс Калифорния штатындағы Венисте өткен бокс кешінде Мұсәділов жергілікті Квинтелл Томпсонмен жұдырықтасқан. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жектің бірінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Өзгелердің жаңалығы