Қазақстандық балуандар халықаралық турнирге қатысады

26 Шілде 2019, 07:20
2471
Бөлісу:
Қазақстандық балуандар халықаралық турнирге қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25-29 шілде аралығында Минск қаласында (Беларусь) грек-рим күресінен рейтингілік турнир өтеді. Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлады.


Аталған халықаралық турнирге Қазақстан құрамасының балуандары да қатысады.

60 кг: Қорлан Жақанша, Аманғали Бекболатов, Жансерік Сарсенбиев;
63 кг: Айдос Солтанғали, Мейрамбек Айнақұлов, Дамир Зарлыканов;
67 кг: Данияр Каленов, Руслан Итемгенов, Жолдыбай Токбаев;
72 кг: Мейржан Шермаханбет;
77 кг: Ибрагим Магамадов;
82 кг: Мақсат Ережепов, Асхат Жанбыров, Мирас Баршылықов;
87 кг: Азамат Құстыбаев, Бауыржан Мусин;
97 кг: Олжас Сырлыбай, Ерұлан Искаков, Әлімхан Сыздыков;
130 кг: Дамир Күзембаев, Мансур Шадукаев.


Өзгелердің жаңалығы