Қазақстандық ауыр атлет халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

4 Қараша 2019, 08:33
1373
Бөлісу:
Қазақстандық ауыр атлет халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимов "Alexander Cup" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Белоруссияның Гродоно қаласында өтіп жатқан халықаралақ турнирде Ниджат Рахимов 81 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Қос сайыс нәтижесінде ол 344 келіні (151+193) бағындырды.

Қазақстан құрамасынан сынға түскен тағы бір ауыр атлет Денис Уланов берілген мүмкіндікті пайдалана алмай, жарысты сәтсіз аяқтады.

 

Өзгелердің жаңалығы