Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектер саудаланған

24 Шілде 2020, 06:27
1700
Бөлісу:
Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектер саудаланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар дәріханаларының бірінде Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмек саудаланған. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитеті хабарлайды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Павлодар қаласы дәріханаларының бірінде Қазақстанда тіркелмеген дәрілік заттарды сату фактісін анықтады.

Сол күні дәріхананың орналасқан мекен жайы бойынша жедел-тергеу іс-шарасы барысында Павлодар облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің маманын қатыстыра отырып тінту жүргізілді. Нәтижесінде ҚР аумағында сатуға рұқсаты жоқ 670 бума дәрі-дәрмектің 22 түрі тәркіленіп алынды ("Ацетилсалициловая кислота медисобр", "Цефтриаксон", "Парацетомол", "Азитромицин", "Аскофен-П", "Антигрипин для детей", "Тетрациклин – Лент", "Спазмалган", "Эринит", "Никотиновая кислота", "Седальгин плюс", "Пенталгин", "Гентамицин", "Ацикловир", "Викасол", "ТемпаLcin", "Спазган", "Кеторол экспресс", "Парацетомол суспензия", "Аналгин", "Андинал" және "Мукалтин").

Кәсіпкерден тәркіленген дәрі-дәрмектер ҚР үшін дайындалмаған және ҚР дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген, сонымен қатар, "Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету ережелерін" бұза отырып, яғни дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Ұлттық сараптау орталығының қауіпсіздігі мен сапасы туралы сертификатынсыз ел аумағына әкелінген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы