Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

19 Мамыр 2020, 08:08
1113
Бөлісу:
Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының өтуімен және онымен байланысты фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Ауа температурасының төмендеуі күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде жоғарылайды.
Өзгелердің жаңалығы