Қазақстанда мәдениет саласындағы қызметтер қысқарған

31 Қазан 2019, 14:04
2020
Бөлісу:
Қазақстанда мәдениет саласындағы қызметтер қысқарған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың І жартыжылдығында қызмет көрсету, спорт, өнер, кино және шоу-бизнес өндірісінің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда теріс аймаққа кірді.

energyprom.kz сайтының мәліметінше, спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет 7,1%-ға, кино және аудиожазбалар индустриясы — 6%-ға қысқарып, шоу-бизнес тоқырау деңгейінде қалды — минус 0,2%.

Өткен 2018 жылы кинематограф және дыбыс жазу секторы 41,8%-ға, шоу-бизнес 14,5%-ға өсті. 2017 жылы көрсеткіштер жоғары оптимизм аймағында болды. Кинематограф бір жарым есе, шоу-бизнес — 26,5%-ға, спорт — 20,9%-ға өсті.

Ақшалай түрде көрсетілген қызметтер көлемінің құрылымында шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы мемлекеттік компаниялардың үлесі 59%-ды, спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы мемлекеттік сектордың үлесі 44,2%-ды құрады.

Өзгелердің жаңалығы