Қазақстанда кредит беру талаптары өзгерді

5 Қаңтар 2020, 13:54
12856
Бөлісу:
Қазақстанда кредит беру талаптары өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қаңтардан бастап Ұлттық банк тұрғындарға займ беретін заңды тұлғалардың бәрін бақылап, қадағалайды. Бұл туралы 7kun.kz жазды. 

Енді кредит берушілер үшін займ шарты, шекті сыйақы мөлшерлемесі, кредит бюросына ақпарат беру, қарыз жүктемесі коэффицентін сақтау шарттары бірдей болады.

Сондай-ақ, кредит алушыларға қарыз жүктемесін есептеу шарттары өзгереді: табысы күнкөріс мөлшерлемесінен төмен азаматтарға кредит берілмейді, банктерге жеке капиталының жеткілікті болуы туралы талап күшейтілді.

Сонымен қатар, кредит берушілер енді тұтынушылық кредит бойынша төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда комиссия мен шартты орындамағаны үшін салынатын айып сала алмайды. Нәтижесінде тұтынушылық кредит бойынша қарыз мөлшері өспейді.

Өзгерістерге сәйкес енді банктерге, салыққа, алимент бойынша қарызы бар жеке тұлғалар 20 АЕК немесе 53 мың теңгеден асқан жағдайда ғана шетелге уақытша тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы