Қазақстанда халықаралық гроссмейстердің кубогіне шахмат турнирі басталады

21 Тамыз 2020, 10:05
1507
Бөлісу:
Қазақстанда халықаралық гроссмейстердің кубогіне шахмат турнирі басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28-30 тамыз аралығында «Бәйтерек» АҚ Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы және «Bolashaq» қауымдастығы жедел шахматтан балалар онлайн турнирін, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогін ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жарысқа 600-ге жуық қазақстандық жас дарындар қатысады деп күтілуде.
Іс – шараның басты міндеті-карантин және жабық халықаралық шекаралар кезеңінде сапалы турнир тәжірибесін қажет ететін отандық таланттарды қолдау.

Жарыс 2002-2005, 2006-2009 жылдары сондай-ақ 2010 жылы және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында өтеді. Жүлде қоры 2,6 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, ұлдар мен қыздарға жеке сыйлықтар орнатылды. Турнир lichess.org ойын алаңында өтеді. Ойын Швейцария жүйесі бойынша 9 турдан тұрады. Уақытты бақылау – партияның соңына дейін әр қатысушының жүрісіне 15 минут + 10 секунд, - делінген хабарламада.

Бүгінде турнирге 200-ден астам ойыншы тіркелді.Турнирдің бас төрешісі - халықаралық төреші, ФИДЕ шебері Ержан Шәкенов. Античитерлік комиссияны халықаралық гроссмейстер Әнуар Исмағамбетов басқарады. Комиссияның міндеті - әділ ойынды қамтамасыз ету және сыртқы кеңестер мен компьютерлік бағдарламаларды қолдануға байланысты түрлі бұзушылықтарға жол бермеу. Алаяқтықпен күрес - қазіргі шахматтың басты мәселесі.
Өзгелердің жаңалығы