Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай олардың саны 50 мыңға жетуі керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін білім берудің IT-альянсын құру ұсынылып отыр, деді "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов онлайн өткен Үкімет отырысында.
Оқыту бағдарламасын дұрыс реттеу мақсатында білім берудің технологиялық бағдарламаларын дамыту орталығын құру ұсынылуда. Ол цифрлық даму, білім беру министрліктерімен бірігіп АХҚО "Зерде" және АХҚО бюросы негізінде енгізуді қарастыруда, - деді ол.
Келімбетов өңірлік және халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын IT-мамандарды даярлау мақсаты тұрғанын айтты.
2025 жылға қарай олардың саны 50 мыңға жетуі керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқыту IT-альянсын құру ұсынылып отыр. Бұл әрекеттегі жобалардың негізінде құрылады. Оны "Astana IT University", "Astana Hub", "Әлем" бағдарламалау мектебі, жоғары технологиялық мектебі сынды жобалардың негізінде құруға болады, - деді ол.