Қазақстанда бес жылда 2 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады

8 Маусым 2020, 12:03
1314
Бөлісу:
Қазақстанда бес жылда 2 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бес жылда Қазақстанда 44 триллион теңге тұратын 2 мыңнан астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесу кезінде ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады. 

ЖІӨ-ге инвестиция деңгейін 30%-ға дейін арттыру жөнінде мақсат қойып отырмыз (2019 жылы бұл деңгей 18,2%-ды құрады). Инвестициялар - экономиканың тұрақты және сапалы өсімінің кепілі. Бұл мақсатты орындау үшін "жаңа ақиқат жағдайында инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды жаңаша үйлестіру" жолдары айқындалды, - деді министр.  
Министр экономиканың басым салаларында стратегиялық инвестициялар үшін жасалатын жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.  
Инвестициялар тарту үшін АХҚО-ның  мүмкіндігін кеңінен қолдану жоспарлануда. Инвестициялық жобалардың 5 жылғы пулы жасақталды. Пул 44 трлн теңге болатын 2 мыңнан астам инвестициялық жобадан тұрады, - деді Дәленов.  

Дәленов министрлік негізгі капиталға инвестициялардың мақсатты  көрсеткішінің шегі бойынша ай сайын мониторинг жасап отырғанын айтты.  

Инвестиция тарту жөніндегі Үйлестіру кеңесінде проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдармен белсенді жұмыстар жалғасуда, - деді Дәленов.  
Айта кетейік,  2019 жылғы қортынды бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 8,5%-ға артты. 2020 жылғы төрт айдың есебі бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция өсімі нақты сипатта 0,9%-ды құрады.


Өзгелердің жаңалығы