Қазақстанда аяқ киім өндірісінің көлемі ұлғайды

19 Желтоқсан 2019, 09:52
4130
Бөлісу:
Қазақстанда аяқ киім өндірісінің көлемі ұлғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда былғары және оған жататын өнімдер өндірісі бір жыл ішінде 4,5%-ға артып, 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 8,6 млрд теңгеге жетті. 

Бұл ретте өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың ұқсас кезеңіне 98,4%-ды құрады, бұл нақты шығарылым көлемінің төмендегенін көрсетеді, бір жыл бұрын — 103,3% болған, деп  жазады energyprom.kz.

Жалпы, 2018 жылы өндіріс 10,2 млрд теңгеге жетті, ал өнеркәсіп өндірісінің индексі 2017 жылдың ұқсас кезеңіне 107,2%-ды құрады.

Сектордағы барлық шығарылымның 40%-дан астамы Алматыға тиесілі — 3,5 млрд теңге, екінші және үшінші орында — Жамбыл (1,4 млрд теңге) және Алматы (782,4 млн теңге) облыстары.

Солтүстік Қазақстан облысы (13,6 млн-нан 390,3 млн теңгеге дейін) және Нұр-Сұлтан (4,9 млн-нан 75,4 млн теңгеге дейін) айтарлықтай жылдық өсім көрсетті.

Жылқы мен ірі қара мал терісінен жасалған былғары өндірісі бір жыл ішінде 31,4%-ға, 135,4 млн шаршы метрге дейін өсті.

Аяқ киім өндірісі 8,8%-ға, 957,4 мың жұпқа дейін өсті, оның 676,5 мың жұбы — былғарыдан жасалған аяқ киім (бір жыл ішіндегі өсім — 5%).

Өндірістің өсуіне қарамастан, жалпы сұраныстағы қазақстандық аяқ киімнің үлесі төмен: үш тоқсанның қорытындысы бойынша, бір жыл бұрынғы сияқты, небәрі — 2,7%.

Сегмент сыртқы жеткізілімдерге толық тәуелді: импорт сұраныстың 97% -дан астамын қанағаттандырды және бір жыл ішінде 10%-ға, 29,4 млн жұпқа дейін өсті.

Импортқа тәуелділіктің жоғары болуына байланысты аяқ киім айтарлықтай қымбаттады: жыл ішіндегі өсім — 8,1%. Сонымен бірге, 2019 жылдың қарашасында жалпы инфляция деңгейі 2018 жылдың тиісті айымен салыстырғанда бар болғаны 5,4%-ды құрады.

2019 жылдың қарашасында тұтынушылық сегменттер бойынша: ерлер аяқ киімі 8,8%-ға, әйелдер — 7%-ға, балалар аяқ киімі — 9,4%-ға өсті.

ҚР өңірлері арасында ерлердің аяқ киіміне бағаның ең жоғары өсуі Жамбыл облысында (+18,9%) және Нұр-Сұлтан (+14,3%) және Шымкент қаласында (+11,7%); әйелдер аяқ киіміне — Жамбыл облысында (+13,3%), Шымкент қаласында (+13,1%) және Қызылорда облысында (+12,6%) белгіленді. Балалар аяқ киімі Алматыда (+ 14,1%), СҚО (+12,9%) және Қызылорда облысында (+12,6%) едәуір қымбаттады.

Өзгелердің жаңалығы