Медициналық ЖОО түлектерін аймақтарға бөлу автоматтандырылады

10 Қыркүйек 2019, 08:42
2166
Бөлісу:
Медициналық ЖОО түлектерін аймақтарға бөлу автоматтандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық ЖОО түлектерін аймақтарға бөлу автоматтандырылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдан бастап медициналық ЖОО магистратурасы мен бакалавриат бағдарламасына түсу тәртібі бірдей. Мемлекеттік тапсырыс бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының магистратурасына қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүргізілді. Сондай-ақ, биылдан бастап "денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша медициналық ЖОО-ға докторантураға түсушілер білім беру ұйымына 1 ақпан мен 31 мамыр аралығында қабылдау емтихандарының басталуына дейін өткізілген алдын ала іріктеу нәтижелерін ұсынды. Бұл көп өтініштің ішінен ғылыми және практикалық потенциалы бар жұмысты  таңдап алуға  мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, бүгінде медициналық мамандық бойынша білім алған түлектердің міндетті тәуелсіз бағасы заң жүзінде бекітілген. Яғни, енді медициналық ЖОО тек медициналық білім берумен айналысатын болады, ал тестілеу тәуелсіз ұйымда өтеді. Білім мен дағдыларды бағалау нәтижелері бойынша білім алушыларға диплом және маман сертификаты беріледі.

«Сонымен қатар, биылдан бастап түлектер аймақтарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы азаматтарды  бөлу жөніндегі республикалық комиссия деңгейінде жартылай автоматты режимде бөлінеді. Бұл ауыл мен қала арасындағы кадр теңсіздігін төмендетеді  және жас мамандарды тарту мен жұмысқа орналастыруда әкімдіктерге жауапкершілік жүктейді»,- делінген хабарламада.

Министрлік  2020 жылдан бастап бұл функцияны толығымен автоматтандыруды және цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл 2030 жылға дейінгі нақты қажеттілік бойынша  кадр дайындау мен жұмысқа орналастыруды тиімді жоспарлауға көмектеседі.

Биыл Дүниежүзілік медициналық білім федерациясы (ВФМО - WFME World Federation for Medical Education) басқаратын Еуропадағы медициналық білім беру бойынша тақырыптық желіге (Thematic Network on Medical Education in Europe-MEDINE) негізделген халықаралық жұмыс тобы ұсынған халықаралық стандарттарға сәйкес министрлік резидентураның барлық мамандықтары бойынша түлектердің типтік оқу жоспарлары мен құзыреттерін қайта қарады.

"Отбасы медицинасы" деген жаңа мамандық бойынша резидентурада кадр даярлау басталды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін алғашқы медициналық-санитарлық көмекті  отбасылық дәрігер  көрсететін болады. Ол бірнеше мамандардың орын басуы  керек. Бұл мамандықты енгізу кез келген жастағы және кез келген пациентке  жедел және сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар "Жедел медициналық көмек" мамандығы енгізіледі. Шұғыл көмек дәрігері көп бейінді стационардың қабылдау бөлімшесінде  жұмыс істейтін болады.

Биыл Үкімет Қаулысымен жоғары оқу орындарына қатысты бірқатар медициналық ЖОО-ға зерттеу мәртебесі берілді. Олар: "С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті", "Қарағанды Медуниверситеті" АҚ. Мәртебе  медициналық және фармацевтикалық ғылымды дамытуға; инновациялар мен қазіргі заманғы зерттеу орталығы  ретінде жоғары оқу орындарының жеке  мәртебесін арттыруға; ғылымға негізделген практика үшін тиімді жағдайлар жасауға, жастарды зерттеу қызметіне тартуға ықпал етеді. Нәтижесінде медициналық қызметкерлерді  дайындау сапасын айтарлықтай арттыруға, ғылымға негізделген, инновациялық технологияларды денсаулық сақтау саласына практика жүзінде енгізуге және тиісінше халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҰО ғылыми потенциалын  арттыру үшін стратегиялық жоспарларға бірінші басшылардың KPI ғылым бойынша индикаторы, қызметкерлердің ағылшын тілін меңгеруі кіреді. Жетекші шетелдік орталықтармен стратегиялық әріптестік тәжірибесі енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы