Қазақстан теңге бағамын аукцион арқылы ұстап тұрмақ

19 Наурыз 2020, 16:32
1649
Бөлісу:
Қазақстан теңге бағамын аукцион арқылы ұстап тұрмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі мен KASE осы аптаның соңына дейін теңге-доллар валюталық жұбы бойынша биржадағы сауда-саттық Франкфурт аукционы режимінде өтетіні туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

Бұл механизм кесімді бағаны анықтауға мүмкіндік береді (оған дейін сатуға болады), ол бойынша мәмілелердің барынша мүмкін көлемі жасалады. Осылайша, реттеуші ұлттық валюта бағамының одан сайын әлсіреуіне жол бермеуге тырысады.

 

Франкфурт аукционы түріндегі сауда-саттық өткізу туралы шешім клиенттердің өтініштерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеу жағын қарастырады, - делінген хабарламада.

 

Қазақстан қор биржасында (KASE) таңертеңгілік сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 19 наурызда 448,5 теңгеге жетті. Өткен күнмен салыстырғанда қазақстандық валюта америкалық валютаға қарағанда 8,94 теңгеге төмендеді.

Қазақстанның айырбас пункттерінде доллар 450-455 теңгеден сатылып жатыр. Бүгінгі таңда айырбастау орындарының көпшілігі АҚШ валютасын сатуды тоқтатты, ал сатуды жалғастырғандар таңертеңнен бері 470-475 теңге бағамын белгіледі.

Қазақстанда доллар бағамы 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін өсе бастады. Шикізат құны ОПЕК+ қатысушылары (мұнай өндіруші елдер, Ресейді қоса алғанда) өндіруді қысқарту туралы мәмілеге келе алмағаннан кейін төмендеді. Бұған дейін мұнай бағасы коронавирустың таралуына және экономикалық қызметтің қысқаруына байланысты сұраныстың жалпы құлдырауы аясында төмендеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы