Қазақстан шикізат секторының басымдығынан жоспарлы түрде бас тартуда

10 Шілде 2019, 06:19
2085
Бөлісу:
Қазақстан шикізат секторының басымдығынан жоспарлы түрде бас тартуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Әлемдік өндіріс және индустриаландыру саммитінде хабарлады.

Бай табиғи ресурстардың болуына байланысты Еуразия елдері әлемдік экономикаға интеграцияланды, алайда халықаралық нарықтардағы конъюнктураға жоғары тәуелділік ұлттық экономикаларды әртараптандыру қажеттілігін негіздейді.

"Соңғы 10 жылда Қазақстан шикізат секторының басымдығынан ауытқу міндеттерін жоспарлы түрде шешуде. Экономиканы әртараптандырудың қалыптасқан бағыты өңдеу секторында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: өндіріс көлемі 3,5 есе артты (2009 жылы 2,9 трлн теңгеден 2018 жылы 10,4 трлн теңгеге дейін). Тартылған инвестициялар көлемі 3 есе өсті (2010 жылға қарай, 2018 жылы 1,2 трлн теңгеден астам тартылды). Бұл ретте индустрияландыру жылдарында біз өндірісті ұлғайттық және шикізаттық емес экспорт бойынша 70 тауардың жаңа баптарын қалыптастырдық, оның экспорты 1 млрд долларды құрады", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Мәселен, 2010 жылы сыртқы нарықтарға аккумуляторларды жеткізу жүзеге асырылмайтын, 2018 жылы олардың экспорт көлемі құндық мәнде 60,1 млн долларды құрады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан экономикалық күрделілік индексі рейтингінде өз позициясын жақсартты, 2010 жылы 108 орыннан 2017 жылы 81 орынға дейін көтерілді.

"Келесі жылы біз индустрияландырудың үшінші кезеңін іске асыруға кірісеміз, ол экспортқа бағытталған өңдеуші өнеркәсіпті одан әрі трансформациялауға бағытталатын болады", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Роман Скляр атап өткендей, мемлекеттік ынталандырудың әзірленіп жатқан шаралары күрделілігі жоғары өнімді шығаратын индустриялық кәсіпкерлік субъектілеріне бағытталатын болады. Бұл бәсекеге қабілетті бизнес-ортаны құруға және экспортқа бағдарланған кәсіпкерлердің сыни массасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

"Әрине, ұлттық экономиканы дамытудың табысты болуы халықаралық және салааралық кооперация мен еңбек бөлінісінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды анықтайды. Біз ЕАЭО бойынша серіктестерімізбен осы бағытта табысты жұмыс істеп келеміз. ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік ынтымақтастығының негізгі бағыттарына сәйкес 2015 жылдан бастап экономиканың басым салаларында өнеркәсіптік кооперацияның бірлескен жобалары іске асырылуда", - деді Роман Скляр.



Өзгелердің жаңалығы