Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы көлік кептелісі азайды

8 Маусым 2020, 15:51
1689
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы көлік кептелісі азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанмен шекарадағы хронометраж мемлекеттік кірістер органдары тарапынан кідіртудің жоқ екенін көрсетті. 

Автокөлік құралдарының жиналуы жеміс-көкөніс өнімдері маусымының басталуымен, ҚХР-мен сауда-саттықты жаңартумен және COVID-19-ға байланысты 5 автокөлік өткізу пунктінің жұмысын тоқтатуымен байланысты болған. 2020 жылғы 3 маусымда "Қарасу" АӨП және "Ақтілек автожол" АӨП-де Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өткізілді, - делінген хабарламада.   

Хронометраж екі шектес өткізу пунктінен өту кезінде ҚР-да салықтық бақылау үшін құжаттарды сканерлеу 3 минутты алатынын көрсетті, бұл екі жақты қол қойылған хронометраж хаттамасымен расталады.

Сонымен қатар "Ақтілек автожол" АӨП-де хронометраж жүргізу кезінде қырғыз дәрігерлері жүргізушілерден COVID-19-ға сынама алған, алайда тестілеу нәтижелері бермей шығарылған. 

Жүргізушілердің айтуынша, хронометраж жүргізілгенге дейін оларды тестілеу нәтижесін күтуге мәжбүрлеген, ол өз кезегінде 30-40 минут уақыт алған. Олардың сөздерін Қырғызстан Республикасының Экономика министрінің орынбасары Эльдар Әлішеров те растады.

Өзгелердің жаңалығы