Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ҚР Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-ші отырысы өтті.
Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов шараны аша келіп, комиссияның өткен он үш отырысының тиімді болғанын атап өтті. Парламенттік өзара іс-қимылдың жаңа деңгейге көтерілді. Біздің мемлекеттеріміздің заңнамаларын үйлестіру саласында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Ол Сенат пен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес салалық екі комитет жұмысқа бірлесе кіріскенін жеткізді.
Комиссияның Ресей тарапынан тең төрағасы Ресей Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов өз кезегінде өтіп отырған отырыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ сандық экономиканы дамыту, жастарды қолдау және осы саладағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.
«Бұл отырыс өнімді жұмыс істейтін болады және біздің заң шығарушы органдардың өзара тиімді ынтымақтастығына оң ықпал етеді деп сенемін», - деп атап өтті Сергей Громов.
Отырыс барысында Қазақстан мен Ресей сенаторлары құқық қорғау органдары мен соттарды және цифрландыруды заңнамалық қамтамасыз ету, жастарды қолдау мәселелері, сондай-ақ екі елдің жастар ұйымдары ынтымақтастығының келешегі талқыланды. 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жариялануына байланысты жастарды қолдауды заңнамалық қамтамасыз етудің жолдары мен бағыттарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы жастар ұйымдарының ынтымақтастығын талқылау маңызды болып отыр.
Отырысқа сенаторлар Георгий Ким, Жеңіс Нұрғалиев, Төлеубек Мұқашев, Нұрлан Бекназаров, Владимир Волков, Ғұмар Дүйсембаев, Сергей Плотников, еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Жұлдыз Омарбекова, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Абылайхан Оспанов, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ерден Әріпов, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.
Депутаттар сондай-ақ Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында болып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Комиссияның кезекті 15 отырысы Ресейде өтетін болды, оның нақты күні мен орны комиссияның хатшылары арқылы келісілетін болады.