Қазақстан мен Эстония денсаулық сақтау саласын цифрландыру рөлін талқылады

24 Шілде 2020, 15:40
1284
Бөлісу:
Қазақстан мен Эстония денсаулық сақтау саласын цифрландыру рөлін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Эстониядағы елшілігі Эстонияның денсаулық сақтау саласын цифрлық дамытуын ұйымдастырушыларының, медициналық компаниялардың, IT саласының өкілдерінің және ҚР Эстониядағы елшісі Н.Сейтімовтің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспановтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің қатысуымен бейнеконференция ұйымдастырды.

Видеоконференция барысында Эстониядағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің Эстония тәжірибесін COVID-19 пандемия кезінде қолдану мүмкіндігі, қашықтан медициналық консультация беру тәжірибесін енгізу, медициналық мекемелердегі барлық жұмыс процесін цифрландыру және басқа да қызығушылық тудыратын мәселелер талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар осы кездесудің маңыздылығы мен тиімді жақтарын атап өтіп, өзара ынтымақтастықты практикалық тұрғыда жалғастыруға келісті.

Эстондық тараптан бейнеконференцияға "TNP Konsultatsioonid" компанисының басшысы Е.Томасова, "EstMedica" клиникалық желісінің жетекшісі А.Деточенко, Рийгикогу (Парламент) депутаты, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі парламенттік комиссияның мүшесі В.Васильев және "IDIK" компаниясының басшысы С.Мозаев қатысты.






Өзгелердің жаңалығы