Қазақстан мұнайы қанша көп болса да, полимерлі шикізатты өңдеуді үйренбеді

20 Қараша 2019, 22:42
11779
Бөлісу:
Қазақстан мұнайы қанша көп болса да, полимерлі шикізатты өңдеуді үйренбеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматыда өткен "Central Asia Plast World" XI халықаралық пластмасса индустриясы көрмесінде Қазақстан қаптаушылар қауымдастығы басқармасының төрағасы Батырбек Әубәкіров айтты. 

Көрме сатып алушыларға Қазақстан, Германия, Италия, Франция, Ресей, Польша, Украина, Беларусь, Бельгия, Латвия, Қытай,
Корея, Түркия, Тайвань, Моңғолия және басқа да елдердің экспоненттерінен пластиктен қажетті шикізатты, жабдық пен дайын
өнімді сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл қатысушыларға жаңа байланыстар орнатуға, серіктестермен қарым-қатынас жасауға зор мүмкіндік. Өз кезегінде мамандарымыз көрмеге қазақстандық өнімдердің аз мөлшерде ұсынылғанына алаңдаулы. Негізгі шикізат Ресей Федерациясы, Қытай және Ираннан әкелінген.

Қазақстан қаптаушылар қауымдастығы басқармасының төрағасы Батырбек Әубәкіровтің айтуынша, Қазақстанда мұнай-химия
саласына қатысты стратегия жоқ. Мұнай мен газдың өте үлкен қорына ие бола, біз мұнайды қалай өңдеуді және одан қосымша құны жоғары политен, полипропилен, полиэфир, поливинилхарит және т.б. өнімдерді шығара алмаймыз. 

Аубакиров.jpg

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін бізге қажетті полимерлер өзімізде өндірілмейді. Ресейде арнайы стратегия бар. Мұнай-химия саласына мемлекеттік деңгейде белсенді қолдау көрсетіледі. Казаноргсинтез, Нижнекамск, Нефтехим, Сибур, Ставролен сияқты ірі компаниялар қайта өңдеуге кірісті. Қазақстанда біз мұнайды тек өндіреміз және сатамыз. Мысалы, біздің көршілеріміз Өзбекстан екі зауыт ашып, үшіншісін іске қосуды жоспарлап отыр. Түркіменстанда екі зауыт бар. Иран мұнай-химия саласын белсенді дамытып жатыр. Бүгінде Қазақстан нарығын осылар өзара бөліп алды. Өндірушілеріміз полимерлік шикізатқа тәуелді. Өкінішке қарай, шикізаттың жоқтығынан өңдеу өнеркәсібі нашар халде. Бұл қаптама саласына да ерекше әсер етеді. Құбыр өндірушілері болса, шет елдердің ірі өндірушілерінде кезекте тұр. Бізге түрлі тауар шығару үшін өзіндік шикізат қажет: қаптама, құрылыс материалдары,балалар ойыншықтары және т.б, - дейді ол.

Сарапшылар басқа елдер өңдеуді, өндіруді және сатуды әлдеқашан үйренгеніне алаңдаушылық білдірді.

2015 жылы Энергетика министрлігі Қазақстан 500 мың тонна полиэтилен, 500 мың тонна полипропилен өндіреді деп уәде берген еді. 2019 жыл аяқталуға жақын, ал бізде әлі ештеңе жоқ және болады ма? Зауыттар болған күнде, олардың деңгейі қандай болмақ? Көрші елдер шикізатты көп өндіріп, жақын арада нарық солардың өніміне толады. Мұнайы мол Қазақстанның полимерлі шикізатты өңдеуді және өндіруді білмеуі көңілге қаяу түсіреді, - деді Батырбек Әубәкіров.

Сонымен бірге Әубәкіров Ресейде полимер шикізатын шығаратын он шақты зауыт бар екенін, ал бізде Атыраудағы зауыттың құрылысы әлі жалғасып жатқанын, Павлодарда бір зауыт болғанымен, ол қажетті өнімді жеткілікті мөлшерде өндірмейтінін және жеке инвестордың
меншігінде екенін айтып өтті.


Менің байқауымша бүгінгі көрме қатысушыларының 50% ресейліктер, Қытай - 30%, Иран - 10%, басқа елдердер - 7%. Қазақстан үлесі 10% ғана. Бұл нарықтың иесі Ресей екенін көрсетеді. Өйткені оларда өздерінің шикізаты бар, оны арзанға сатып алады, тауар шығарады, содан кейін оларды бізге жеткізеді. Ал біз шикізатымыз болмаған соң, сатып алуға мәжбүрміз. Оны зауытқа әкеліп, өңдеп, барлық салықтарды, несиелер мен басқа да шығындарды өтеймін дегенше, тауар бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Сол себепті дайын тауарды өзге елден әкелу тиімдірек. Өз шикізатымызды өндіруді бастамайынша, өндіріс саласын ешқашан қайтара алмаймыз, - деп алаңдаушылық білдірді Әубәкіров.

Айта кету керек, "Central Asia Plast World" көрмесінде пластмассадан, полимерден, қаптамадан және каучуктен, пластиктен жасалған
құбырлар шығаруға арналған өнімдерді 70-ке жуық өндіруші ұсынды. 

Сондай-ақ келушілер түрлі шикізаттар мен қосалқы материалдарды, қалыптарды, қалдықтарды өңдеуді, 3D басып шығаруды және қоспалар өндірісімен таныса алады.


Өзгелердің жаңалығы