Қазақстан үкіметі несиеге жеңілдік жасайды

17 Наурыз 2020, 11:06
8244
Бөлісу:
Қазақстан үкіметі несиеге жеңілдік жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынатынын айтты.

Президент Тоқаев 24 қаңтардағы үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтыну несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз қарызы бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады. Бұдан әрі аталған шара заңнамалық негізде енгізіледі. Жеке тұлғалардың несие тарихын қалпына келтіру үшін 50 пайыздан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін жағымсыз несие тарихын түзету бойынша мүмкіндік көзделеді, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Оның айтуынша, агенттік Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, екінші деңгейлі банктермен және несие нарығындағы басқа да субъектілермен бірлесіп, бірнеше шараны қолға алмақ. 
ҚР Азаматтық кодексінің 359-бабына сәйкес несие бойынша міндеттемесін орындамаған қарыз алушы аса күрделі, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайларға тап болған кезде мүліктік жауапкершілікті атқармайды. Мұндай жағдайға төтенше жағдай режімінің енгізілуі де жатады. Соған байланысты жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микронесиелері бойынша төлемдер мерзімінің өтуі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты туындаған кезде – айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмеуі тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға, банктер ғана емес ломбардтарды және несиелік серіктестіктерді, қарыз беретін барлық кредиторды қоса алғанда барлық микроқаржы ұйымдары берген қарыздарға қолданылады, - деді агенттік басшысы.

Өзгелердің жаңалығы