Қазақстан індеттің таралуына байланысты қиын кезеңдерді бастан өткеруде – Назарбаев

27 Тамыз 2020, 12:35
1535
Бөлісу:
Қазақстан індеттің таралуына байланысты қиын кезеңдерді бастан өткеруде – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «ХХІ ғасырдың Конституциясы - заңның үстемдігі, адами құндылық және мемлекеттің тиімділігі» атты халықаралық халықаралық онлайн конференциясының ашылуында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзі оқылды.

1995 жылы 30 тамызда ұлттық референдумда мемлекетіміздің негізгі заңы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында жаңа бет ашылды. Ары қарай дамудың басымдықтары мен векторлары анықталды. Негізгі заң әділ және теңдестірілген үйлесімділікті бекітті, сондай-ақ әлемдік өркениет пен қазақстандық құндылықтарға жетуге мемлекеттік құрылым пирамидасының негізі болды, - делінген құттықтауда.

Мемлекет жылдар бойы Конституцияның үстемдігі мен тәртібін ұстанғанын айтты.
Еліміздің бүкіл қоғам игілігі үшін алға даму стратегиясын таңдай отырып, біз жылдар бойы Конституцияның үстемдігі мен тәртібін ұстандық. Бүгінде әлем, соның ішінде Қазақстан індеттің таралуына байланысты қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Ол қоғамдық өмірдің көптеген мәселесін шиеленістірді - ең алдымен қаржылық, экономикалық және әлеуметтік салаға кесірін тигізді. Халықаралық қауымдастықтың бірлесе отырып, осы мәселелердің жауабын табуға болады, - деді Назарбаев.

Конституциялық ереже экономикамызға қуатты, жаһандық дағдарыстың салдарын жеңуге көмектесетін негіз болды.
Әлемнің басқа елдері сияқты Қазақстан да қиындықтар мен басқа да сынақтарды ең аз шығынмен жеңетініне сенімдімін. Біз әлемдік заң ғылымының біздің конституциялық даму тәжірибемізге бөлген назарын жоғары бағалаймыз, - деді Елбасы.
Назарбаев, бүгінгі форум және басқа да осаған ұқсас маңызды іс-шаралар маңызды екенін атып, конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.



Өзгелердің жаңалығы