Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ – Президент

27 Сәуір 2020, 12:20
1382
Бөлісу:
Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ – Президент
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысы кезекті Үндеуінде айтты. 

Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп. Сондықтан, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануда. Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет, - деді Мемлекет басшысы.
Президент қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн екенін де ескертті.
Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін. Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз. Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал, оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет, - делінген мәлімдемеде.

Өзгелердің жаңалығы