Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қазанда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы қалыпты болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің барлық қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.