Қазақстанға 15 мемлекет көмек көрсеткен

15 Шілде 2020, 12:19
2109
Бөлісу:
Қазақстанға 15 мемлекет көмек көрсеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Қазақстанға 15-тен астам мемлекет гуманитарлық көмек көрсеткен. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты.

Сыртқы істер министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, індет тараған кезден бастап сыртқы халықаралық әріптестерімізден тиісті қайырымдылық көмекті елге жеткізу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жұмыс өте ауқымды. Әрине, осы орайда ең алдымен әріптестеріміз - ҚХР, АҚШ, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан және көптеген басқа да елдерге, ДСҰ сияқты халықаралық ұйымдарға, компанияларға, шетелдік қайырымдылық қорларына, жекелеген азаматтарға елімізге жасаған қайырымдылық көмектері үшін шынайы ризашылығымызды жеткізгім келеді, - деді Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, жалпы Қазақстанға 15-тен астам мемлекет гуманитарлық көмек көрсеткен.
Бұл індет жаһандық болғаннан кейін біз жұмысымызды, яғни, дәрі-дәрмек сатып алу немесе шетелден қажетті медициналық құрылғыларды, заттарды әкелу мәселесін дүниежүзіндегі үлкен бәсекелестік жағдайында іске асырып жатырмыз. Сондықтан мұны ескерген жөн. Екіншіден, гуманитарлық көмек қаншалықты ауқымды болса да, ең алдымен ең үлкен жүк үкіметімізге, республикалық бюджетке түсіп отыр. Бірақ ең үлкен жауапкершілігі жүгі денсаулық сақтау министрлігіне, денсаулық сақтау жүйесіндегі әріптестерімізге түсіп отырғаны анық, - деді вице-министр.

Ержан Ашықбаевтың айтуынша, Қазақстанға  гуманитарлық жүк ретінде 5 млн 200 мыңға жуық медициналық маска, 98 өкпені жасанды желдету аппараты, 260 мың тест жүйесі, 3000 мыңға жуық тепловизор мен термометр әкелінген.
Жасанды таныс алдыру аппараттарының басым бөлігі жақында жеткізілді. Соңғы 2 аптаның ішінде Түркиядан 30 аппарат, Біріккен Араб әмірліктерінен 25 аппарат, грузиялық компаниядан 10 аппарат алдық. Оған дейін Джек Ма қоры да елімізге жасанды тыныс алдыру аппаратын жеткізді. Олардан біз 30 аппарат алдық. Жалпы елімізге 98 жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді.Тиісті медициналық құралдар ауруханалар жеткізіліп, іске қосылды, - дейді ол.


Өзгелердің жаңалығы