Қазақ халқының қонақжайлылығын мақтан тұтамын – И.Теренченко

23 Наурыз 2019, 19:45
1680
Бөлісу:
Қазақ халқының қонақжайлылығын мақтан тұтамын – И.Теренченко

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясының Хатшысы Илья Теренченко қазақ халқының қонақжайлылығы мен дамушы ел болсақ та әлемге танылғанымызды мақтан тұтады. Бас қаланың Нұр-Сұлтан болғанына қуанышты.

«Ел астанасының Нұр-Сұлтан болғанына қуаныштымын. Қолдаймын. Елбасымыздың еңбегін бағалап, қоғам да қолдау білдірді. Тұңғыш Президентіміз 30 жылға жуық уақыт бойы мемлекетіміз бен халқымыз үшін зор еңбек сіңірді. Әбден лайықты. Қазақстан халқы қашан да үлкенді құрмет тұтқан ғой. Ал, бас қаламызға Елбасының есімі бұдан да ертерек берілуі керек еді. Қазір ел астанасының беделі әлемдік деңгейде жоғары. Дүниежүзі таниды. Көптеген халықаралық шаралар өтті. Көптеген туристер келе бастады», - деді «Nur Otan» партиясының хатшысы Илья Теренченко.

Көпұлтты мемлекетіміздің байрағы биік, еңсесі тік болуы керек. Қазіргі уақыттағыдай татулықтан айырылмау басты міндетіміз.

«Ең бастысы көп ұлттың басын қосқан мемлекетпіз. Менің ойымша, түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астында татулықта ұстау Елбасының еңбегі. Қазақ халқының бойына сіңген қасиеттің бірі - өзгені сыйлап, қонақжайлылық танытуы. Тіпті, ертеректе өтіп бара жатқан жолаушы үйіне соқпаса ренжіп қалатын болған. Қазір бірнеше этнос өкілдері тату өмір сүріп жатыр елімізде. Бұның өзі Тұңғыш Президентіміздің көрегендігі. Біздің партиямыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын, идеяларын әрқашан мен де, менің отбасым да қолдаймыз. Қазақстан астанасының Нұр-Сұлтан атануын партиялықтар болып қолдаймыз», - деді Илья Теренченко.

Өзгелердің жаңалығы