Қазақ гимнасты Әлем кубогін жеңіп алды

4 Қазан 2020, 01:43
2303
Бөлісу:
Қазақ гимнасты Әлем кубогін жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорттық гимнастикадан қазақстандық спортшы Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты. 

Бүгін Венгрияның Сомбатхей қаласында халықаралық доданың финалдық бәсекесінің бірінші күні аяқталды. Нәтижесінде, қазақстандық Нариман Құрбанов спорттық ат снаряды бойынша жеңімпаз танылды. Ал Ілияс Азизов еркін жаттығу бойынша екінші орыннан көрінді. 

Ертең Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалда 3 санат бойынша бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы