Қазақ футболының аңызы – «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

24 Шілде 2019, 11:52
1752
Бөлісу:
Қазақ футболының аңызы – «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Тобылдың» бас бапкері Владимир Газзаев қызметінен кетті. Оның орнына клубтың спорттық директоры – Нұрбол Жұмасқалиев бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Газзаевтан бөлек, техникалық директор Владимир Нидергаус пен жаттықтырушы Андрей Мирошниченко Қостанайдан кеткен.

Бас бапкердің міндетін атқарушы болып спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиев тағайындалды. Ал Нұрбол Жәрдемұлы команданың ойыншыларымен және Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс. Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі. Негізі, спорт директоры қызметінде Нұрбол Жұмасқалиев футбол орталығы мен қосалқы құрамдағы жас ойыншыларды дайындау үрдістеріне жауап беретін. Ол жергілікті жас футболшыларды негізгі команда құрамына алуға көмектесіп жүрген. Енді, негізгі құрамды алдағы Қазақстан чемпионатыны ойындарына дайындайды.

Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы 11 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. «Намыс» клубының түлегі. Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген футболшы (523). Екінші рекорды гол соғу бойынша. Нұрбол Қазақстан чемпионатында 167 рет мергендік танытқан.

Өзгелердің жаңалығы