Ағылшындар қазақ балетін жоғары бағалады

19 Қараша 2019, 03:42
7029
Бөлісу:
Ағылшындар қазақ балетін жоғары бағалады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театры тұңғыш рет өнер көрсетті. Концерт өткен "Колизей" концерттік залында ине шаншар орын болмады.

Театрдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, көпшілік назарына "Шопениана" және "Шахерезада" атты бір актілі классикалық шығармалары ұсынылды. Өнер ұжымының гастролі Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жастар жылы және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

191118220004188e.jpg

Екі мыңнан астам көрерменнің қатарында британиялық саяси және бизнес-истеблишмент, дипломатиялық корпус өкілдері және беделді өнертанушылар бар. Олар қазақстандық бишілердің шеберлігін жоғары бағалады.

1911182200030023f.jpg
Мен өмірімде бірінші рет қазақ балетін көріп, өте ерекше әсерге бөлендім. Бидің жоғары стандарты және орындаушылардың кәсібилігі таңдай қақтырды. Бұл шынымен де керемет демалыс әрі тосын сый болды, - деді қонақтардың бірі Сара Мейдан.

Бәрі әдемі болды, қойылым тамаша өтті. Қазақ балеті өте көркем, маған техникадан бастап бәрі ұнады! Концерттің керемет өтуімен құттықтаймын!, -  деді Луис Родригес де ла Сьерра. 
1911182200030027f.jpg

Айта кету керек, "Шахерезаданы" "Колизей" қонақтары үшін италиялық хореограф Тони Канделоро жаңаша әрлеген. Автор - Цюрих операсы, Куба Ұлттық балетінде және париждік "Шатле" театрында шыңдалып, әлемге танылған өнер жұлдызы.

"Шопениана" мен "Шахеразаданың" басты рөлдерін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театрының жетекші солистері Жанель Төкеева, Мәлика Елшібаева, Ариса Хасимото, Рақым Даиров, Динара Есентаева және Азамат Асқаровтар сомдады.




Өзгелердің жаңалығы