«Аз уақытта ақшаға көмілесің»: Жедел уәкіл есірткі дилерлерінің қулығын әшкереледі

27 Ақпан 2023, 12:30
603
Бөлісу:
«Аз уақытта ақшаға көмілесің»: Жедел уәкіл есірткі дилерлерінің қулығын әшкереледі
Фото: kazaksha.info

Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының жедел уәкілі Данияр Орал министрліктің апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Трансшекаралық есірткі топтарына қарсы күресті күшейту мақсатында шекаралас мемлекеттердің құзыретті органдарымен тығыз ынтымақтастық жалғасуда. Есірткі өндірісінде қолданылатын прекурсорлар мен басқа да ингредиенттерді жеткізу арналарын анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар қабылданып жатыр. ЕҚҚІД тарапынан күн сайын елдегі есірткі ахуалына мониторинг жүргізіліп, оның ішінде интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар ерекше бақылауда, - деп атап өтті жедел уәкіл.

Айтуынша, есірткі диллерлері жастарды аз уақытта көп пайдаға кенелесің деп тартады. 

2022 жылы «Кибернадзор» АЖ арқылы 1996 есірткі сайтының жұмысына шектеу қойылып, оның 1493 бұғатталды. Биыл жылЖедел басынан бастап 179 интернет парақшалары мен сайттар шектеуге жіберіліп, 69 бұғатталды. Ақпараттық технология озған заманда көштен қалуға әсте болмайды. Сол себепті полиция өз жұмысына ІТ технологияларды жаппай енгізуде. «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес, аумақтық ЕҚҚІБ заңсыз контентті анықтау үшін кең жолақты интернетке қосылған заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендері енгізілуде. Есірткі диллерлері OLX, HeadHunter сияқты жарнама сайттарында жастарды «бай боласың» деп есірткі жасыру жұмысына баурап алады. «Аз уақытта ақшаға көмілесің», «кез келген уақытта бұл бизнестен шыға аласың» деп желпіндіреді. 2022 жылы есірткі тасымалдаумен, оны жасырумен және сақтаумен айналысқан кәмелетке толмаған 25 жасөспірім ұсталды. Балалықпен, білместіктен мұндай қадамға барды деп ақтауға болатын шығар, бірақ заң – барлығына ортақ. Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады, - деді Данияр Орал. 

Сонымен қатар жедел уәкіл есірткі сақтағандарға, оны таратумен айналысқандарға жаза ауыр екендігін ескертті. 

Қылмыстық кодекстің 296, 297 бабтарына сәйкес, 3 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сондықтан ата-аналар балаларыңыздың немен айналысатынын, кіммен араласатынын үнемі тексеріп, бақылап отыру керек, - дейді ол.  

Өзгелердің жаңалығы